QARAKESEK – «Зая» Кеше болашақты мүлде басқаша елестетіп едім, Ал бүгін елестеткеніме ұқсамайды. Кеше оған байланып қалып едім, Ал бүгін оны ұстамайм. Қолдарын қолдарымнан жібергенмін шешіп, Қабылданды мүлдем миға кіріп-шықпаған шешім. Менің білуімше, ол да өкінеді екен, Уақыт бізді өсіре ма десем, өшіреді екен. (Амалым) Амалым таусылып, шыдамым құрып тұр, (Мен барған) Мен барған есіктердің барлығында құлып тұр. Есігін ашшы жарықтың, мен келіп тұрм, Қараңғылықтан қашып келді мына құлың. Ол жақ қараңғы, басты кетіреді, Аяқтан шалды дей бергенде енді басты көтерем. Ол жақта дұрысты төмендетіп, бұрысты көтереді, Әділетсіздікке тұншығып, қақ айрылды көкірек. Көзім байланып кетіп барам адасып, Қорқамын уақыт өтіп кете ме деп зая. Шел басты адамдардың мұнда көзінің ақ-қарасын, Жәрдемің керек, Тәңірім, бізді ая. Қайырмасы: Өтуде уақытым зая, Көзден ғайып болатын күнім де таяды. Жоғалатын арман, жоғалатын жалған-ай, Пенденің «әттең»-ге салып қалғаны-ай. Ай-ай-ай-ай-ай-ай... Болмайтын заттарға талай уақыт жұмсадым, Сөйте тұра қалайм орынның ең жұмсағын. Ұмыттым ажал келіп мені қысарын, Сөйте тұра қалайм екі дүниенің құшағын. Мені кешір, мен кетіп барам шектен асып, Айтатын адам болмай тұр бәрін бетке басып. Біздерді кешір, бізде білім, ақиқат десе, жоқтың қасы, Бізге бұйырта көрме оттың қасын. Кешірші, ұмытсақ Сенің барыңды, Соның кесірінен қазір көңілім тарылды. Кешірші, тек Сен ғана бізді кешіретін, Расында, Сен емес, біз кешірімге кешігетін. Бәрі зая құртуда Сен берген уақытты, Содан болар, көбі өтірік бақытты. Кешегі қателік бүгінге кедергі, Бүгінгі қателік – ертеңге. Ал мен Өзіңе сендім, құтқаршы! Қайырмасы: Өтуде уақытым зая, Көзден ғайып болатын күнім де таяды. Жоғалатын арман, жоғалатын жалған-ай, Пенденің «әттең»-ге салып қалғаны-ай. Көңілімде бірде күз, бірде жаз, Төгілуде сыртқа емес, ішіме жас. Олар түсінбейді мені, Олар сезіне алмайды. Қу дүниеге мәз болып олар өздерін алдайды. Сезінем екінші өмірді, Сол жаққа қарай бұрдым көңілді. Ойлайм ол жақта күнімді, Сенем ол жақта көрем деп жақындарымды. Қалайм оларға жақындауымды, Сезінем аспан мен Сені, Мен сенем, отыңа тастама мені. Мен шыдай алмайм, ешкім шыдай алмайды! Мен шыдай алмайм, ешкім шыдай алмайды! (Ай-ай-ай, қу дүние...) Біз көп нәрсе білмейміз, Біз көп затты көрмейміз. Соқыр болдық соқырлардың арасында. Бізді ая, Құртқан болсақ уақытыңды зая. Зая... Зая...

Теги других блогов: музыка QARAKESEK Зая